Ұялы байланыс операторы Tele2 Қазақстан тарифті тағы да төмендетеді


«Бір рет абоненттерге ең төмен баға болады деп уәде еткенбіз, енді сол сөзімізде тұрамыз. Болашақта бағаны бұдан да төмен етіп, бәсекелестікті одан әрі жоғары етуге уәде береміз, оған « бір байланыс операторына байланып қалмау» шарасы мен интерконнект мөлшерлемелерінің төмендеуі ықпал ететін болады», деді Шымкентте баспасөз мәслихатында Tele 2 Қазақстан коммерциялық директоры Миндаугас Убартас.
"Егер Оңтүстік Қазақстанда өткен жылдың ортасында біз рыноктың 10% алып отырсақ, қазір 14% жеттік», деді М.Убартас.
Tele2 Қазақстанда 2010 жылдан бері жұмыс істеп келеді.
Қазақстанда Tele2 қатар GSM стандартындағы ұялы байланыстың үш операторы бар, олар : "Кселл" "Кар-Тел" және Tele2 Қазақстан мен "Алтел".