Ұялы телефон балаларда аллергия тудырады

Зерттеушілер бұндай пікірге телефондағы металдардың адамға әсерін тексеру барысында келген көрінеді.

Тәжірибе барысында анықталғандай, телефонда кездесетін металл, әсіресе никель балаларда аллергия туғызуы мүмкін. Алайда жас қосылған сайын бұндай ауруға шалдығу қауіпі азая түседі.  Сондықтан да ғалымдар ата-аналарға 5 жасқа толғанша ұялы телефонды балалардан алысырақ ұстаған жөн деп кеңес береді.