«Ауруханаға 5 қазан күні түскен бойжеткеннің қазіргі уақыттағы жағдайы қанағаттанарлық. Алдын ала болжам бойынша, ұялы телефонды қуаттандыратын құрал жарылған. Күйік пен өзге дене жарақаттары жоқ. Қыз қатты шошынған секілді», - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.
Оқиға Досмұхамедов атындағы Орал педагогикалық колледжінің жатақханасында болған.
Алғашында жатақхана басшылығы қысқа тұйықталу болып, ұшқын пайда болғанын, бірақ телефонның жұмыс істеп тұрғанын айтып, ақпаратты растаған еді. Алайда, кейінірек, колледж бұл ақпаратты теріске шығарып, ешқандай жарылыстың болмағанын, ал қыз қан қысымының жоғарылауынан есінен танғанын мәлімдеді.