Жазушы Қанат Тасыбеков "Ұят емес пе" деген жазба жариялап, онда Әділбек Қабаның өтірік айтқанын жазған болатын деп хабарлайды Caravan.kz порталы.
"Жақында әлеуметтік «Фейсбук» желісінде ҚР Тіл комитетінің жаңа басшысы болған Әділбек Қабаның «Желтоқсанда қойылған талаптың бірі Тіл мәселесі болатын» деген мақаласын оқып жоғары лауызымдағы шенеунікті өтірік айтатын қырынан танып жағамды ұстадым.
Бұл жігіт 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің қатысушысы болған екен, соның дәлелі ретінде 1986 жылғы желтоқсанда алаңда қасқайып қол ұстасып тұрған жігіттердің арасындағы суретін салды. Әрине, оқырмандардың (Акжан Жунисова) құрметі арта түскенін жазып, оны оны қаһарман батыр деді (Жемис Шакирова) Бірақ, жаңағы сурет менің көзіме оттай басылды, өйткені бұл фотода менің Сабыр Шынасилов (Sabyr Kainar) деген досым, мен ол туралы 2016 жылы пост жазғанмын (сілтемесін бірінші комментпен беремін).Сабыр Шынасилов Ә. Қабаға хабарласқан сон, басқа да адамдар оның сөзің дәлелдеген сон (Adil Dossanov) , шенеунік жариялаған материалын желіден алып тастады.
Тіл ұлтымыздың жаны – тіл мәселесімен айналысқан адам таза болу керек, ал осындай жалғандыққа баруға Тіл комитетінің төрағасын не жетеледі? Басқа айтарым жоқ. Сіз не дейсіз,
Әділбек Қаба мырза?", деп жазды Тасыбеков өз парақшасында.
Аталған жазбаға байланысты ҚР Тіл комитетінің жаңа басшысы болған Әділбек Қаба тек бірнеше күннен соң ғана tengrinews.kz тілшісіне жауап берді және ол төмендегідей болды.
"Мен адам ретінде құрметтейтін және оның кәсіби қызметін бағалайтын Қанат Тасыбеков мырзаның мақаласына қатысты өз пікірімді білдіргім келеді. Біріншіден, мен оның әлеуметтік желілердегі жазбасын көрмедім. Бұл менің жауап бермеуімнің жалғыз себебі.
Екіншіден, мен сол күні Сабыр Шинасиловқа қоңырау шалып, онымен сөйлестім. Ол өзін фотода танығанын және оның дәлелі бар екенін айтты. Сабыр Шинасилов басқа адамдардың да оны фотода белгілегенін атап өтті. Мен онымен дауласпаймын және өзімді батыр ретінде көрсеткім келмейді деп жауап бердім.
"Егер сіз өзіңізді осы фотода өзіңізді танысаңыз, онда жарайды" дедім. Содан Сабир маған "рақмет, ренжімеңіз" деді. Сондықтан бұл жерде түсініспеушілік болды деп ойлаймын", - деді тілші Әділбек Қаба Tengrinews.kz тілшісіне.