Уылдырық шашатын кезде Зайсанда браконьерлер көбейді


Уылдырық шашылатын кезде балық аулауға тыйым салынатынын біле тұра заңды белден басқан бұл азаматтар көлге "жақын жатқан ауылданбыз" деп ақталды. Күнкөріс қамымен балыққа бірінші рет қармақ салыпты. Алайда, жабдықталған қайығы мен жүздеген шақырымға созылған ауларына қарап, олардың мұнда бірнеше күннен бері жүргені көрініп тұр. Ауланған балығы, аулары мен қайықтары тәркіленіп, енді екеуі де әкімшілік жазаға кесіледі. Бір рейдтің өзінде көлден төрт жүзге жуық осындай ау алынып, 180 адамның заң бұзғаны анықталған. Айта кетсек, Зайсан және Бұқтырма өзендерінде «Балық қорғау – 2014» шарасы осы айдың он бесіне дейін созылмақ.