"Ұзақ үзіліс болды": Мөлдір Әуелбекова Бағым Мұхидиновамен болған жандалдан кейін алғаш рет тіл қатты

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.

"Ұзақ үзіліс болды… Карантин және декрет. Биыл күш жігерімді жинап шығармашылығыма толық кірістім. Оңай емес, әрине… Көрерменнің талғамы өзге, биік… Сол себепті жылдың басынан қадамымды мерейтойлық гастрольмен бастадым. Мақсатым: жеке ән кештерімде халықтың батасын алу еді. Алдым. Рақмет! Ризамын! Сағынысып қалғанымыз тағы бар…

Гастрольдік сапарда үлкен қошеметке бөленіп шабытым тасып келдім. Сол деммен өз тыңдарманымды жиі жиі Құдайдың берген талантымен қуантуға тырысып жүрмін", - деп жазды ол.

Ал бұйырса, білек сыбана кіріскен шығармашылығымның жаңа дәуірін тамашалай жүріңіздер құрметті тыңдарманым!