Ұзақ жасағыңыз келсе, жаңғақ жеңіз


Мамандардың пікірінше, күнделікті тағам рационында жаңғақ немесе оның  майы болса, ол ісіктің бетін қайтарады. Зерттеу жүргізген ғалымдар 18 апта бойы тышқандарға  жаңғақ пен оның майын беріп тұрған.

Анықталғандай: обырдың алдын алумен қатар, жаңғақ холестерин мөлшерін азайтатыны, диабеттің де алдын алатыны белгілі болды. Жаңғақтың құрамында көптеген пайдалы дәрумендер, сондай-ақ омега-3 қышқылы бар. Ал бұл қышқыл жүрек ауруы мен кеуде обырынан сақтайды, деп жазады шетелдік БАҚ.