"Ұзатылатын бойжеткендей": 66 шөбере, 3 шөпшек сүйген 90 жастағы әжейдің тойындағы видео тарады

Тойда әнші Гүлнұр Оразымбетова әжейге ән арнаған, деп жазды Caravan.kz медиа порталының тілшісі. 

"Осы видеоны көрген баршаңызға жұғысты болсын! 

90 жасында ұзатылатын бойжеткендей өзі жүріп келе жатыр. 10 бала, 38 немере, 66 шөбере, 3 шөпшек сүйген бақытты әже", деп жазды әнші. 


"Әженің жасын баршамызға берсін!", "100 жасын тойлау бұйырсын", деп жазды оқырмандар.