Үздік аяқдопшы Эмель Кенжесәриев мүгедек болып қалуы мүмкін


Руслан Әлиев, Алматы қалалық жедел жәрдем ауруханасы жан сақтау бөлімінің меңгерушісі:

- Профессионалды футболшы болады ма, болмайды ма оны енді заман көрсетеді. Оны әзірге  айта алмаймыз. Кішкене болса да, көзін ашып жатыр, қолын қозғалтып жатыр.

Эмель қазір жасанды аппараттың көмегімен демалуда. Ал дәрігерлер денесіндегі қанға толы ісіктерді ота жасап, алып тастапты. Жігіттің миы шайқалған. Сол себепті де енді оның доп тебуі екіталай. Жан сақтау бөлімінде футболшы кемінде 1 айдай емделеді. Сондай-ақ тағы бір ақпар Алматының сақшылары Қазақстанның ең азулы командасының қорғаушысын өлімші етіп сабады деген күдікпен 3 адамды ұстағанын мәлімдеді. Азулы ойыншыны осыдан бірнеше күн бұрын ес-түссіз жатқан жерінен тұрғындар тауып, полицияға хабарлаған еді Әзірге олардың аты-жөні жалпақ жұртқа жария етілген жоқ. Айта кетейік Эмель Кенжесариев «Ақтөбе» командасының шоқтығы биік қорғаушысы. Аталған клуб Еурокубоктың плей-офф кезеңіне жолдама алғаны мәлім..