"Үздік дайын отандық өнім экспорттаушы" байқауының қорытындысы жарияланды

Индустрия және сауда министрлігінің ақпаратына сүйенсек, байқауға қазақстандық дайын өнімді экспорттайтын 40 кәсіпорын қатысқан. Құрамына жетекші қазақстандық және халықаралық сарапшылар кірген арнайы сарапшылар тобы қатысушыларды он көрсеткіш бойынша іріктеген. Бестен кем оң сипаттама жинаған кәсіпорындар байқаудан шығып отырған. Байқау қорытындысы бойынша бірқатар жүлделер табыс етілді.

"Жыл экспорттаушысы" аталымында Оңтүстік Қазақстан облысының "Ютекс" АҚ, "Үздік экспорттық стратегия" номинациясында "Степногорск подшипник зауыты" АҚ, "Ұлттық бренд-2007" аталымы бойынша "Ақтөбе рентген" АҚ жеңімпаз деп танылды.