Үздік ұстаздар марапатталды

«Білім-2014» байқауының ақтық сынына 50 мұғалім өткен. Математика, биология, қазақ тілі, химия сынды он пәннің оқытушылары сынға түсіп, білімі мен біліктілігін паш етті. Солардың арасынан оқ бойы озық шыққан 10 ұстаз оқу жылының соңында Тұңғыш Президент қоры тарапынан арнайы марапаттарды иеленбек. Сонымен қатар, жүлделі орын алған ұстаздардың еңбекақысына да үстеме қосылады.


Еркін Исрайылов, Қарасай аудандық Білім беру қорының атқарушы директоры:

–Сайысты өткізудегі біздің ең басты мақсат – осы ұстаздардың арасында білімі терең мұғалімдерді таңдап алып, соларды мақтаныш ретінде халыққа көрсету. Екіншіден, әр адамға өзінің білім деңгейін бағалаған өте маңызды.