"Біз әскери-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі ұзақ мерзімді бағдарламаның жобасын жасамақшымыз. Онда бейбіт және соғыс уақытында қарулы күштер саласындағы бағдарламаларды жүзеге асыруды ұйымдастыру мен қамтамасыз ету форматтары қамтылады",- деді И.Матеров.
"Біздің болжауымызша, бағдарлама 2015-жылы аяқталуға тиіс. Әрине, әріқарай ол ұзартыла беретін болады",- деді ол. Комиссия төрағасының айтуынша, бұл бағдарлама комиссияның былтыр Бішкекте өткен екінші отырысы кезінде талқыланған.
"Комиссияның шешімімен барлық елдер 30-сәуірге дейін бағдарламаның жобасын жасауға қатысты өз ұсыныстарын хатшылыққа таныстыруға тиіс",- деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті