Ұжымдық қауіпсіздік келісім-шарты ұйымына мүше елдердің қауіпсіздік кеңесінің хатшылары Санкт-Петербург қаласында бас қосады

Кездесуге қатысушылар сондай-ақ, Ұжымдық қауіпсіздік келісім-шарты ұйымына мүше елдердің аумағындағы қауіпсіздікті нығайту, ұйымға мүше елдерге арнап әскери кадр дайындауға қажетті құқықтық кеңістік қалыптастыру мәселелерін талқылайды.

Қауіпсіздік кеңесі аппаратының ақпаратына сәйкес, Санкт-Петербург қаласында сонымен бірге ТМД парламентаралық ассамблеясы мен Ұжымдық қауіпсіздік келісім-шарты ұйымына мүше елдердің Қауіпсіздік кеңесінің хатшылары комитетінің бірлескен отырысын өткізу межеленіп отыр. Онда Ұжымдық қауіпсіздік келісім-шарты ұйымына мүше елдердің ласкестікпен және заңсыз есірткі айналымымен бірлескен күрес жөніндегі заңнамаларын өзара үйлестіру және өзара ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланады.
Ұжымдық қауіпсіздік келісім-шарты ұйымына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан республикалары мүше.