Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы ЕҚЫҰ-ын есірткі тасымалы мен заңсыз көші-қонға қарсы тұру саласындағы ынтымақтастықты пәрмендендіруге шақырады

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қауіпсіздік саласындағы проблемаларды шолу жөніндегі жыл сайынғы ЕҚЫҰ конференциясы 2003 жылдан бері өткізіліп келеді. Шара ЕҚЫҰ-ына мүше елдердің қауіпсіздік саласындағы диалогын кеңейтуге, қару-жарақты қадағалау, жетекші өңірлік ұйымдар мен құрылымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайту мен қауіпсіздік шараларын дәйектеуге қызмет етеді.