Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, кездесу барысында заңсыз миграцияға тосқауыл қоюдың бірлескен технологиялық тізбегін құру мәселесі көтерілді.
"Бүгінгі таңда заңсыз миграцияға тіпті бір аймақтық ұйым шеңберінде тосқауыл қою мүмкін емес. Өйткені, заңсыз көші-қон бір аймақта пайда болып, екінші аймақты төтелей өтіп, үшінші аймаққа жетуді көздейді. Бұл объективті түрде күш-жігерді бірлестіруге итермелейді", - деп атап көрсетті шара барысында Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы хатшылығының қауіп-қатерлерге тосқауыл қою басқармасының бастығы Вячеслав Волох.
Осыған байланысты Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Еуропаның көптеген мигранттардың жетуді мұрат тұтқан жері болғаны ұшін Еуроодаққа заңсыз көші-қонға тосқауыл қою саласында, атап айтқанда, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымында үнемі жүргізіліп отыратын "Нелегал" операциясы аясында белсенді өзара ықпалдастық орнатуды ұсынады.