Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Қырғызстандағы Ресейдің "Кант" әуебазасын күшейтеді

"РФ әскери-әуе күштерінің бас қолбасшысы, генерал-полковник Александр Зелиннің таяу уақыттарда Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының шұғыл әрекет етуші ұжымдық күштерінің авиациялық құрамды бөлігі болып табылатын Қырғызстандағы Ресейдің "Кант" әуебазасына бірнеше жаңа ұшақтар беріледі деп мәлімдеуі Ресей Федерациясының ұйым шеңберіндегі өз міндеттемесіне жауапкершілікпен қарайтынын айқын дәлелдейді", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

А. Зелиннің айтуынша, Қырғызстандағы базаны күшейту туралы шешім Ресейдің осы контингенттің жауынгерлік әлеуетін арттыру және оған салмақ беру жөніндегі Владимир Путин ел президенті болып тұрған кезде жария еткен ниетіне тікелей сай келеді.

А. Зелин 4 маусымда таяу уақыттарда Қант әуе базасына үш Су-27 соғыс ұшағы мен бір Ан-26 жүк ұшағы жеткізіледі деп мәлімдеген.