Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдер ЕҚЫҰ-ын мейлінше тиімдірек халықаралық шешімдер шығаруға шақырды

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан мүше.

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдер "ЕҚЫҰ-ын Еуропадағы қауіпсіздіктің қазіргі заманғы архитектурасының бір құрамды бөлігі деп санайды" және "Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының тетіктерін барлық жұмыс бағыттары бойынша толық пайдалануды" қолдайды.

"Біз Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының саяси болашағы бар деп есептейміз. Сонымен қатар ол еуропалық, евроатлантикалық және еуразиялық қауіпсіздік жүйесінде расында да маңызды роль атқара алады деп санаймыз",- делінген құжатта.

Алайда оған қол қойған елдер бұл реформалардың нәтижесіне және Брюссельде сыртқы істер министрлерінің кеңесінде қабылданған шешімдердің орындалу сапасына тікелей байланысты деп санайды.

"Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдер Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымын уәде етілгендей толыққанды халықаралық ұйымға айналдыруды қолдайды. Ұйым өз іс қызметінде белсенділікті арттыруға бағытталған реформалар жүргізуге, тиімділік критерийлеріне сәйкес іс-қызмет салалары мен мониторинг тетіктерін жақсартуға, қаржылық және қаржылық емес ресурстарды пайдалануда тиімділік пен ашықтыққа жеткізуге тиіс",- делінген мәлімдемеде.

Сонымен бірге Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдер Қазақстанды 2009-жылы ЕҚЫҰ-ына төраға етіп сайлау ұйымды реформалау шараларының бір бөлігіне айналып, оған қатысушы елдердің теңдік принциптері мен географиялық тепе-теңдігін жүзеге асыруға септігін тигізумен бірге "қырғиқабақ соғыс" дәуіріндегі таптаурын болған пікір-көзқарастардан айығуға және соған байланысты қауіп-қатерлердің артта қалғанына дәлел бола алады деп санайды.

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдер лаңкестікпен, ұйымдасқан қылмыспен, есірткі саудасымен және адам саудасымен күресте мейлінше тиімді халықаралық шешімдер қабылдауға шақырады. Құжатта атап көрсетілгеніндей, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының арнаулы органы болып табылатын Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық жөніндегі форумның ролі саяси және әскери диалог жүргізу құралы ретінде күшейтіле түсуге тиіс. "Еуропада ауқымды әскери контингент пен қару-жарақтың шоғырлануына байланысты пайда болып отырған қатерлерге айрықша назар аудара берудің маңызы зор",- делінген құжатта.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті