Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысы ЕҚЫҰ 15- отырысына қатысады

Испанияға ұшар алдында Н. Бордюжа " Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше мемлекеттер ЕҚЫҰ-ның аумақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесінде байыпты серіктес ретінде қарастыруда", - деп мәлімдеді.

"Соңғы уақытта біздер екі жақты мүдделерге сай келетін салаларынында сенімділік және ашықтыққа бағыттайтын жоғары деңгейдегі қарым-қатынастарға көштік. Біріншіден, бұл ауған есірткі тасымалына қарсы күрес. Біз сондай-ақ, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы мен ЕҚЫҰ лаңкестікке қарсы бөлімшелерімен қатынастардың кеңейтілуіне баланысты қанағаттанып отырмыз. Талас-тартыстардың алдын алу мәселелері бойынша, екі ұйымның арасындағы қатынастардың жандануы болашақта жемісін беретін болады", - деп атап өтті бас хатшы.

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы хатшылығының баспасөз қызметі хабарлағанындай, Н. Бордюжа ЕҚЫҰ-ның 15-ші министрлер кездесуі ұйымдардың дамуына жаңа реңк беріп, "Еуропа мен әлемдегі тұрақтылықты қамтамасыз ететін жаңа құралдардың пайда болуына септігін тигізетінін" атап өтті. Сондай-ақ, бас хатшы ұйымның құзырына кіретін барлық мәселелер бойынша ЕҚЫҰ ұйымымен етене жақын жұмыс істеуге дайын екендіктерін айтты.

Мадридтегі пленарлық отырысы алдында өткен ЕҚЫҰ мүше - мемлекеттерінің сыртқы істер министрлер кеңесінде ЕҚЫҰ министрлер кеңесінің күн тәртібі мен оның жалпы қызметі бойынша мәселе талқыланды. Сондай-ақ Н.Бордюжа мен ЕҚЫҰ бас хатшысы Марк Перрин де Бришамбомен кездесуі жоспарланды, деп хабарлайды баспасөз қызметі .


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті