Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысы ЕҚЫҰ есірткіге қарсы күресті жандандырып, шекаралық бақалауды қамтамасыз ету туралы ұсыныс жасады

"Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше -мемлекеттер ЕҚЫҰ-ны еуразиялық аймақта қауіпсіздікті қамтамасыз ете алатын байыпты серік ретінде қарастыруда ", - деп мәлімдеді Н. Бордюжа. Екі ұйымның қатынастарында маңызды бағыттарының бірі - есірткі трафигіне төтеп беріп, шекара бақылауын қамтамасыз ету және текетірестердің алдын алу.

"Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше мемлекеттері ауған есірткі тасымалына қарсы күрес мәселесіне қатысты алаңдаушылық білдіруде. Біз бұл бағытта халықаралық және аймақтық ұйымдармен бірлесе отырып жұмыс істеуді қолдаймыз. Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының негізінде оқу орны болып саналатын Домодедоводағы Ресей ІІМ институтында ауған полицейлерін дайындауға үлес қосқан ЕҚЫҰ қолдап, бұл жобаны одан әрі тұрақты түрде жүргізу керек", - деді Н. Бордюжа. Ол сондай-ақ, бұл жобаға ауғандықтардан басқа есірткі жолы тартылып жатқан солтүстік мемлекеттері өкілдерін дайындау қажеттігін ұсынды.

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысы ЕҚЫҰ-ына есірткіге қарсы күресті жандандырып, шекара бақалауын қамтамасыз ету туралы ұсыныс жасады

Бас хатшысының пікірінше, 2008 жылы ЕҚЫҰ және басқа да халықаралық аймақтық ұйымдардың қатысуымен, химиялық прекурсорларына және заңсыз есірткіге қарсы күрес тақырыбына арналған халықаралық конференцияны ұйымдастыруға мүмкіндік бар.

Н. Бордюжа Орталық Азия мемлекеттеріне шекара бақылауын қамтамасыз ету, қауіпсіздікпен заңдылыққа қамтамасыз ететін ішкі істер органдарының қызметкерлерін дайындауға қол қабыс көрсетуге дайын екендіктеріне байланысты ЕҚЫҰ ниеттерін құптап, алғысын білдірді. "Мұндай көмек нақты бір мәселеге қатысты болып, мемлекеттер аймағындағы нақты сұраныстары ескерілуі керек", - деп атап өтті бас хатшы.

Баспасөз қызметі хабарлағанындай, Н. Бордюжа қарым -қатынастардың тиімді бағыттарының бірі ретінде, теке-тірес мәселесін алдын алу дегенді алға тартып, бұл мәселе бойынша, ҰҚШҰ хатшылығының және ЕҚЫҰ жанжалдарды алдын алу орталығының сарапшыларымен кеңесуге дайын екендігін айтты.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті