Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Мәскеуде өтетін консультацияларында біртұтас әуе қорғанысы жүйесі жөніндегі ережелердің жобасы талқыланады



Бұған қоса " Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының шеңберінде бітімгершілік іс-қызмет механизмдерін нормативтік және ұйымдастырушылық тұрғысынан қалыптастыру жөніндегі құжаттардың топтамасы, сондай-ақ, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының 2010-жылға дейін және одан әріқарайғы перспективаға есептелген коалициялық әскери стратегиясының жоспарын орындау барысы талқыланады", - деп хабарлайды ұйымның баспасөз қызметі.

Консультациялар барысында басқыншылық қаупі төнген немесе басқыншылық әрекет жүзеге асырылған жағдайда Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына әскери-техникалық көмек көрсету тетіктері жөніндегі хаттаманың жобасын, әскери мамандардың бірлесе пайдаланудың біртұтас жүйесін жасау ережелерін жобасын, сондай-ақ, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдердің әскери-экономикалық ынтымақтастығы саласындағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіруге қатысты құжаттардың жобасын талқылау межеленген.

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан мен Өзбекстан кіреді.