Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстарға қарсы күресте міндеттерді қоятын Ұйым мүшелерінің мемлекеттік органдарының құзырлы өкілдері мен қауіпсіздік және саяси ақпараттар мәселелері жөніндегі ҰҚШҰ қауіпсіздің кеңесі хатшылығы комитеті жанындағы уақытша жұмыс тобы мүшелерінің бірлескен кеңестері өткізілді.
Кеңес кезінде технологиялық ақпараттық саласындағы қылмыстарға қарсы тұру жөніндегі бірлескен шараларды ҰҚШҰ атынан жүргізіп ұйымдастыру жөнінде ресейліктер тарапынан жасалған ұсыныстар қарастырылды.
"ҰҚШҰ мүше мемлекеттердің сарапшылары мен жұмыс тобының мүшелері Ресейдің ұсынысын өзекті деп тауып, қолдады.
ҰҚШҰ хатшылығына технологиялық ақпараттар саласындағы қылмыстарға тосқауыл қою және оны алдын алу жөніндегі бірлескен операциялар өткізу туралы ҰҚШҰ мүше мемлекеттерге ұсыныс жасау қажеттігі айтылды", -деп хабарлады ҰҚШҰ Хатшылығының қауіп-қатерлерге қарсы тұру басқармасының бастығы Вячеслав Волох.
Хатшылықта айтылғанындай, ҰҚШҰ бірлескен операцияларды өткізу жөнінде тәжірибесі мол. Мысалы, "Арна" атты есірткіге қарсы операциясы алты жылдан бері өткізіліп келсе, "Нелегал" операция екі жылдан бері жүрзігілуде.
Кеңес қатысушылары өздерінің өкілеттілігі аясында "Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдердің 2010 жылға дейінгі заманауи қауіп-қатерге ақпараттық салада қарсы тұрудың негізгі шаралар жоспары" атты жобаны қарастырды".