Кеңес барысында ұйымға мүше мемлекеттердің арасындағы адамдар, тауарлар мен капиталдың еркін және қауіпсіз айналымын қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты дамыту үшін күн сайын күшейіп келе жатқан қауіп-қатерлерге, оның ішінде ұлтаралық ұйымдасқан қылмыс, лаңкестік, есірткінің заңсыз айналымы, заңсыз миграция мен кибернетикалық қылмысқа қарсы тиімді әрекет қолдану керектігі атап өтілді.
"Осыған байланысты келісілген шекаралық, миграциялық және визалық саясатты қалыптастыру үшін ұйымға мүше мемлекеттердің құқық қорғау органдарының өзара тығыз іс-қимылы, иммиграциялық қадағалау шараларын үйлестіру, сыртқы шекараны нығайту қажет", - деп хабарлады Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысы Николай Бордюжа.
"Кеңес барысында жұмыстың алғашқы кезеңінде ЕврАзЭҚ-пен бірлесе отырып уағдаласқан визалық саясат және бірыңғай миграциялық кеңістік құруда ортақ әдістемелер жасау және Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Парламенттік ассамблеясымен ықпалдаса отырып ұйымға мүше мемлекеттердің азаматтарының ұйым шеңберінде жүріп-тұруы саласында нормативтік-құқықтық базаның сараптамасын жасау орынды деп танылды", - деп атап көрсетті Н. Бордюжа.
Сонымен бірге ұйымның бас хатшысы жақын арада "Еуразиялық Шенгеннің" құрылуын күтудің қажеті жоқ екенін атап көрсетті. Өйткені, түйіні қатты, бірақ шешілуі керек мәселелер жетерлік.