"Әскери мекемелердің сарапшылары Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің 2005 жылдың 23-маусымындағы Ұйымға мүше мемлекеттердің әуе қорғанысын дамыту және жетілдіру туралы шешімін жүзеге асыру мәселесін талқылады. Ұжымдық қауіпсіздік аймағында нормативтік құқықтық негіздеме жасау және әскери сипаттағы жүйе қалыптастыру бойынша міндеттерді шешудің негізгі жолдарын қарастырды", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.
Кеңестер Бірлескен штаб бастығының бірінші орынбасарының уақытша міндетін атқарушы, генерал-лейтенант Владимир Шутьконың төрағалығымен өтті. Кеңеске Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан қорғаныс министрліктерінің сарапшылары мен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Хатшылығы мен Бірлескен штабының өкілдері қатысты.