Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымы аясында ақпараттардың құпиялығын сақтауды өзара қамтамасыз ету туралы келісім күшіне енді

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 9-тамызда Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы Құрманбек Бакиев Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымы аясында ақпараттардың құпиялығын сақтауды өзара қамтамасыз ету туралы келісімді бекіту туралы заңға қол қойды. Сөйтіп, құжат күшіне енді.

Келісім Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымы аясындағы ықпалдастық барысында пайда болатын ақпараттардың құпиялығын сақтауды қамтамасыз ету тәртіптерін айқындайтын нормативтік-құқықтық акт болып табылады. Мұндай келісімді жүзеге асыру ұйымның біріккен штабы құрылып, әскери-техникалық ынтымақтастық тетіктері іске қосылуы, халықаралық лаңкестік, экстремизм, есірткі саудасы және басқа да ұжымдық қауіпсіздікке төнетін қатерлерге қарсы күрес саласында қызмет ететін құқық қорғаушы мекемелер арасында ақпараттар алмасылып жатуына байланысты болмақ.
Келісімге Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымына мүше Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан республикаларының мемлекет басшылары 2004-жылдың 18-маусымында Астанада қол қойған.