Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымы Ошта әскери база құру мүмкіндіктерін қарастыруға дайын

Баспасөз баянында атап көрсетілгеніндей, Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымының хатшылығы мен жарғылық органдарына Қырғызстан Республикасы тарапынан Ош қаласында Ресейдің немесе Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымының қандайбір күш құрылымдарын орналастыру туралы ресми ұсыныс келіп түскен жоқ.

Бұған дейін Қырғызстан Республикасының басшылығы Ош қаласында Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымының лаңкестікпен күрес орталығын немесе есірткіге қарсы күрес орталығын құру мүмкіндігі туралы ұсыныстар жасаған. Алайда бұл бастамалар әзірге түбегейлі қаралған жоқ. Егер осындай ұсыныс ресми түрде келіп түскен жағдайда Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымының хатшылығы бұл мәселені дәйектеп келісуге кіріседі,- делінген ұйым хатшылығының хабарламасында.
Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан республикалары мүше.