Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымы шеңберінде бітімгершілік іс-қызмет туралы тұжырымдама бекітілді

Оның айтуынша, Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымы шеңберінде бекітілген бітімгершілік іс-қызмет туралы тұжырымдамада "бітімгершілік потенциалды қалыптастыру үшін мемлекеттердің келісімі қажеттігі" қарастырылған.

Бұл бітімгер күштерді біртұтас жүйеге сәйкес дайындап, рольдерді өзара бөлісіп алуға мүмкіндік береді, деді Н.Бордюжа. "Бітімгершілерді БҰҰ-ның басқаруымен Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымына мүше елдер аумағында да, сондай-ақ, БҰҰ-ның сұранысы бойынша ғаламдық деңгейде де пайдалануды ұсынып отырмыз",- деді ұйымның бас хатшысы.
Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан республикалары біріккен.