В. Путин: Кеден одағы Еуропалық одақпен еркін сауда аймағын құру туралы мәселе талқылауға әзір

"Кеден одағы ішіндегі кедергілерді жоя отырып, біз сыртқы шекараларымызда жаңа кедергілер құрғалы отырған жоқпыз.

Керісінше, мемлекеттеріміздің күш-жігерлерін біріктіру есебінен ғаламдық экономикаға тиімді, әрі үйлесімді интеграциялануды көздейміз", деп В.Путин бүгін Мәскеуде Кеден одағының іскерлік топ конференциясында сөйлеген сөзінде атап көрсетті.