Вагонда жарылғыш зат орнатылғаны жөніндегі ақпаратқа байланысты Қызылорда-Көкшетау поезының жолаушылары басқа жаққа көшірілді

Агенттік ақпаратына сәйкес, бұл кезде отарба Қарағанды облысы Шет ауданы Ағадыр ауылындағы теміржол бекетінде тұрған. Поезд жолдың тұйықталымына жеткізіліп, составтан бөліп алынған №3 вагон 1500 метр қашықтыққа апарылып, қоршауға алынды. Жолаушылар теміржол бекетінің ғимаратына орналастырылып, таңертеңгі сағат 05.55-ке дейін сол жерден өткен отарбаларға отырғызылды.

05.15-те Ағадыр станциясына құрама оперативтік топ жетіп, составты тексере бастады. Тексеру шаралары 7 сағат 30 минутта аяқталып, жарылғыш зат табылмады.