Вагондарды мақсатсыз пайдалану үшін салынатын айыппұл санкциясын енгізу жайы ТМД теміржол транспорты жөніндегі кеңесінің келесі отырысында қаралады

"Грузияның ескертуі бойынша теміржол вагондарын мақсатсыз пайдаланғаны үшін айыппұл санкциясын салу жөнінде өз көзқарасын айқындау, қайталап қарау және 2 мың швейцар франкы көлемінде айыппұл белгілеу және қабылдау жөніндегі мәселені кеңестің келесі 47-ші отырысына қарау ұсынылды",- деді П. Кучеренко.

Бұрынғы кеңес отырысы барысында "Грузия темір жолы" мекеменің бас директоры Ираклий Эзугбаиа "Грузия қазіргі кезеңде кеңестің теміржол вагондарын мақсатсыз пайдаланғаны үшін айыппұл санкциясын енгізу жөніндегі ұсыныспен келісуге дайын емес" деп мәлім еткен болатын.

Кеңес төрағасы, "Ресей темір жолы" ААҚ президенті Владимир Якунин өз кезегінде, "тараптар бұл санкциялардың көлеміне қатысты та, жылжымалы құрамның бір мақсатта пайдаланылу мүмкіндігін өзгертуге не әсер ететіндігін де одан әрі талқылауға келісті",- деп мәлім етті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті