Вагондардың тапшылығынан Алматы - Симферополь және Астана - Адлер мемлекетаралық рейстер тоқтатылды

" 25 мамырдан бастап Алматы - Симферополь және Астана - Адлер бағытымен жүретін поездар қозғалысы тоқтатылды. Бұл бағыттар жолаушы вагондары паркінің тапшылығы салдарынан тоқтатылды", -деп хабарлайды ақпарат көзі.

"Жолаушы тасымалы" АҚ баспасөз қызметі хабарлағанындай, сонымен бірге жазда Қазақстан аумағы арқылы өтетін жаңа мемлекетаралық бағыттар ашылады. Олар Астана-Үрімжі, Бішкек-Уфа (қырғызстан теміржолына қарасты ), Ташкент-Санкт -Петербург және Ташкент-Екатеринбург (өзбек теміржолына қарасты екі құрам).