Вакцина салдырғандарға келесі аптада "жасыл" мәртебе беріледі - Мусин

Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, - деп хабарлайды Caravan.kz порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

"Келесі аптаның басында барлық вакцина салдырғандар Ashyq қосымшасында "жасыл" мәртебеге ие болады деген жоспарымыз бар", - деді Мусин ОКҚ онлайн-брифингінде.

Оның айтуынша, қазір Денсаулық сақтау министрлігімен бірлескен жұмыс жүргізіліп жатыр.


Бұған дейін қазақстандықтар коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші дозасын алғаннан кейін бір жыл ішінде "жасыл" мәртебеге ие болады деп хабарланған болатын. Вакцинация жүйелері мен Ashyq интеграциясын 1 шілдеге дейін аяқтау жоспарланған.