Вакцина салдыру оразаны бұзбайды

Емдеуге қолданылатын инъекцияларға тыйым салынбайтыны айтылды. Бұл туралы мешіт қызметкерлері мәлімдеген. 

Егер зат адамның ас қорыту жүйесіне ауыз немесе мұрын арқылы енсе, бұл оразаны бұзу болып саналады. Алайда вакцина салдыру оразаны бұзбайды.

Естеріңізге сала кетейік, биыл ораза 13 сәуірде басталып, 12 мамырға дейін созылады.