Вакцина салғызған адамға ПТР анықтама қажет пе? Қиясов жауап берді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Біз вакцина салдырған адамнан ұшар алдында ПТР анықтамасын талап етпейміз. ПТР анықтамасының болуы адамның қай елге бара жатқанына байланысты. Шетелде ПТР анықтамасын сұраса, біз оған қарсы тұра алмаймыз. Вакцинациялау басталуымен байланысты жалпы жағдай өзгереді деп отырмыз. Себебі көптеген елдер вакцина алған адамдарға қатысты талапты жеңілдету мүмкіндіктерін қарастырып жатыр. Бұл сұрақ қазір күн тәртібінде тұр. Және біз вакцинация жүргізу процесін электронды түрде қадағалауды енгіземіз", - деді бас санитар дәрігер.

Еске салайық, бұған дейін 
вице-министр вакцинаның бағасы
 жайлы айтқан еді. 

Айт а кетейік, бүгін елімізде жаппай вакцинация басталды. Ресейлік "Sputnik V" вакцинасын алғашқылардың бірі болып денсаулық сақтау вице-министрлері Ажар Ғиният пен Ерлан Қиясов салғызды