Вакцинаның зияны туралы айтқан дәрігер-ғалымның видеосы жұрттың жағасын ұстатты

Дәрігердің айтуынша, ол екпені қояндарға салып зерттеген, деп жазады Caravan.kz тілшісі. Вакцинаны адамға бала кезінен егетіндіктен, қояндардың да көжегіне егіпті. Содан кейін оның көжегіне салып, ұрпақтан ұрпаққа кете берген.   

 «Адамда немере-шөбере деген болады ғой . Біз қоянның неменесіне келгенде тоқтадық. Содан кейін ол буаз болмай қалды. Яғни көжектемейді. Бәрі қан кетіп өліп жатыр» дейді дәрігер.

Ал тележүргізушінің «Біз де екі-үш буын егіліп келе жатырмыз. Енді екі буыннан кейін тура осындай жағдай адамда да бола ма?» деген сұрағына «Қазір сол бедеулік бізде ерте пайда болып, көбейіп жатыр. Өзім акушер-гинекологпын» деп жауап беріпті.