Әншінің жанкүйерлері өнер иесінің бұл шешіміне наразы, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Естеріңізде болса, соңғы кезде ағайынды Жүгінісовтардың ең үлкені Рүстемнің дінге ден қойып, сақал жібергені мәлім болған еді. Енді оқырмандар оның қала мешіттерінің бірінде азан оқитынын жарыса жазуда.
Өнер иесінің әнін сүйіп тыңдайтындар үшін, бұл шешім оңай соқпаған. Олар бұрынғы эстрада жұлдызын жаппай сынға алып, адасып жүргенін айтуда.
"Адасып жүр", "Вахабист", "Сақалдың қор болғанын-ай, баяғыда қариялар ғана сақал қоятын еді", "Вахабист болып, адасып кеттің бе? Өнер мен дінді бірге алып жүруге болмады ма?", "Өкінішті, жақсы, талантты әнші еді" деп жазды олар.