Валерия Абрамова - Qabilet жобасының ең белсенді қатысушыларының бірі

Qabilet қызметі мектеп оқушыларының қабілеттері мен кәсіби бейімділігін диагностикалау жүйесін құруға, сондай-ақ қабілетті балалар мен талантты жастарды интеллектуалдық және тұлғалық әлеуетін жүзеге асыру үшін қолдау және сүйемелдеу қызметін ұйымдастыруға бағытталған. Бұл қызмет балалардың қабілеттері мен жасырын дағдыларын ашуға көмектеседі және заманауи, қарқынды дамып келе жатқан әлемде баланың даму траекториясын құруға жәрдемдеседі.

«Алдымен біздің мектепте тесттер өткізілді, мен келесі кезеңге өттім. Біз Көкшетауға барып, білім деңгейімді растадық. Мен өз деңгейімді растадым және маған сертификат берілді. Кейін мені Астанаға тесттердің келесі кезеңдерінен өту және психологпен әңгімелесу үшін шақырды. Маған түрлі жобаларға, соның ішінде олимпиадаларға қатысу мүмкіндігі берілді. Бұл мен үшін де, мектеп үшін де үлкен құрмет, өйткені мен осындай деңгейге жете алдым. Әрі қарай да дамып, осы жобаға қуана қатысамын», – дейді Валерия Абрамова.

Валерия Ақмола облысы Аршалы ауданының Ижевское ауылында тұрады және жалпы білім беретін мектепте оқиды. Ол оқудағы жетістіктерімен қатар көптеген хоббилері мен қызығушылықтары бар.

«Маған волейболмен айналысқан ұнайды, сондай-ақ шаңғымен сырғанаймын және кейде үстел теннисінен жарыстарға қатысамын. Болашағым үшін ағылшын тілін үйреніп жүрмін. Сурет салғанды жақсы көремін және гитарада ойнауды бастап үйрендім», – деп бөлісті Валерия.

Qabilet жобасының үйлестірушісі Динара Амандыкова Қазақстан балалары мен жасөспірімдеріне өздерін жан-жақты дамытуға кеңес береді, себебі қазіргі ғасыр – өзін-өзі жүзеге асыру ғасыры.

«Өздеріңізді әртүрлі салаларда сынап көру керек. Ал сізге ұнайтын нәрсені өмірде ары қарай пайдалану қажет», – дейді маман.

Динара Амандыкова Qabilet жобасы аясында «таланттар тізімі» деген ұғым бар екенін де атап өтті. Бұл тізімге балалар коммуникация, коллаборация, сыни ойлау және креативтілік бағыттарының барлығында жоғары нәтижелер көрсеткен жағдайда енеді.

Валерия Абрамованың анасының әңгімесі және Qabilet жобасының мүмкіндіктері туралы толығырақ біздің бейнемізден көре аласыздар.