Қазақстан қалаларындағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамына мониторинг жүргізетін kurs.kz сайтының ақпаратынша, Алматының валюта айырбастау пункттері долларды 307-307,5 теңгеге сатып алып, 309 - 309,5 теңгеге сатып жатыр.
Астананың валюта айырбастау пункттері долларды 302-308 теңгеден сатып алып, 308- 310 теңгеден сатуда.
Казкоммерцбанкте долларды 307 теңгеге сатып алып, 309 теңгеге сатып алуда.
Еуразиялық банкте долларды сатып алу-сату құны, сәйкесінше, 308 және 309,9 теңгеден.
Халық банкінде долларды 307,14 теңгеге сатып алып, 309,14 теңгеден сатып жатыр.