Оның атап өтуінше, бүгінгі таңда тіпті ресейлік рубльдің қазақстандық теңгеге қатысты партитеті өзгерген. Егер, бұған дейін ол 4,5-5,5 дәлізінде болса, қазіргі уақытта 3,5-4,5 дәлізінде тұр және бұл тұрғыдан алып қарағанда теңгенің нығая түсуі де мүмкін.
«Біз қандай да бір валюталық түзету енгізуге, құнсыздануға мүмкіндік беретін ешқандай да қосымша себеп қарастырып отырған жоқпыз. Алаңдауға еш негіз жоқ», - деді Қ.Келімбетов.
Төрағаның сөзіне қарағанда, Ұлттық банк ақпан айында жүргізген валюталық түзетуі қоры мығым. Бұған қоса, Қазақстанның 104 млрд. доллар көлеміндегі халықаралық резерві де экономиканың тұрақты болуына өз септігін тигізеді.