Валюталық-қаржылық одақ болмайды - Бақытжан Сағынтаев


«Бұл мәселені біздің деңгейде де, мемлекет басшыларының деңгейінде де қарастырған емеспіз. Ешқандай да валюталық-қаржылық одақ туралы мәселе көтерілген емес»,-деп атап өтті Б. Сағынтаев.

Естеріңізге сала кетейік, өткен айдың басында Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Бақытжан Сағынтаев Қазақстан интеграциялық үдерістер аясында өзінің ұлттық валютасынан бас тартпайтынын мәлімдеген болатын.

«Еуразиялық экономикалық одақ аясында бірыңғай ұлттық валюта туралы әңгімелер қайдан тарап отырғанын білмеймін. Біз бұл мәселені талқылаған емеспіз. Қазақстанның ұлттық валютасы теңге осыған дейін болды және алдағы уақытта да болады»,- деп қадап айтты ҚР Үкімет басшысының бірінші орынбасары.