"Валют-Транзит Банктің" бұрынғы президенті Андрей Біләлов үш жарым жылға бас бостандығынан айырылды

Кеше "Валют-Транзит Банктің" ақшалай қаражатын заңсыз пайдаланған, өкілеттігін асыра пайдаланған, алдау жолымен мүліктік шығын келтірген, заңсыз жолмен табылған ақшалай қаражаттарды заңдастырған, сондай-ақ, жалған құжаттар жасаған деп айыпталған банктің бұрынғы президенті Андрей Біләловке және оның алты қызметкеріне қатысты қайта басталған сот процессі аяқталды.

Ғабиден Санаубаров пен Максим Швачкоға жоғарыда аталғанға ұқсас, алайда, әрқайсысына айыппұл көлемі 150 АЕК көлемінде орнатылған жаза тағайындалды. Сот Ботагөз Көпеева, Светлана Панфилова, Лариса Ким мен Светлана Паульді шартты түрде 3,5 жылға бас бостандықтарынан айырып, үш жылға банк қызметімен айналысуға тыйым салды.

Сонымен қатар, сот сотталушылардан банкке келген 6,5 млрд теңге көлеміндегі шығынды өндіріп алуға шешім қабылдады.