Ван Ромпей: Еуроодақтың Украинаға әскер кіргізу мүмкіндіктерін қарастырып жатқан жоқ

Бельгиялық «Суар» басылымына берген сұхбатында төраға: «Біз Украина дағдарысына әскери тұрғыдан араласпаймыз» деп мәлімдеді.

Х.Ван Ромпейдің айтуынша, Украинаға «жаңа билік институттарын құру үшін экономикалық және саяси тұрғыдан көмектесу қажет».

«Қазір ең бастысы – Ресеймен өзара сенімді қарым-қатынас орнату», - деп қосты ол.