Caravan Logo

Варшавада қазақ-поляк экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 3-ші отырысы өтуде

Варшавада қазақ-поляк экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 3-ші отырысы өтуде

деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Аталған басқосуда энергетика, көлік, құрылыс, денсаулық сақтау, туризм, мәдениет және қоршаған ортаны қорғау салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылау жоспарлануда. Сондай-ақ осы күндері Қазақстанның Көлік және коммуникация вице-министрі Азат Бектұровтың тең төрағалығымен инфрақұрылым жөніндегі екіжақты Жұмыс тобының бірінші отырысы және қазақ, поляк іскер топтарының қатысуымен бизнес-форум өтеді.