Вашингтонда Қазақстан Тәуелсіздік күнінің құрметіне қабылдау болып өтті

Бұл туралы АҚШ-тағы ҚР Елшілігі хабарлап отыр.

Қабылдауға әртүрлі орталардың, атап айтқанда Ақ Үйдің, Мемлекеттік департаменттің, Конгресстің, Пентагонның, дипломатиялық корпустың, кәсіпкерлік және академиялық орталардың, БАҚ және басқа да орталықтардың өкілдерінен құралған 600-ге тарта қонақтар жиналды. Қабылдау қонақтарын АҚШ-тағы ҚР елшісі Ерлан Ыдырысов, АҚШ Мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі көмекшісі Роберт Блейк пен Смитсон институтының саяси директоры Кэрол Невес қарсы алды.

«Мен Қазақстанды Тәуелсіздік күнімен, сонымен қатар өте маңызды оқиға - Астанадағы ЕҚЫҰ Саммитінің өтуімен құттықтағым келеді. Мемлекеттік хатшысы Х.Клинтонның жетекшілігіндегі америкалық делегация біздіңше жоғары сапалы деңгейде ұйымдастырылған саммит жұмысына қатысып келді. Саммит қорытындылары лайықты және мазмұнды жеңіске қол жеткізді», - деді өз сөзінде Р. Блейк.

«Мен Қазақстанды егемендіктің 19 жылымен, сонымен қатар Вашингтондағы ірі мәдени фестивальдің аяқталуымен құттықтаймын. Менің әріптестерім мен Смитсон институтының барлық достары қазақ мәдениеті мен өнерінің байлығына таңғалды. Қазақстан фестивалі аумағы мен іс-шараның тартымдылығы бойынша бізге үлгі болды», - дейді К. Невес.

Елші Е.Ыдырысов кешке жиналған құрметті қонақтар назарына «Эйр Астана» әуекомпаниясының қолдауымен RATA туристік агенттігімен бірлесе ҚР елшілігі ұйымдастырған «Америкаға жол» тақырыбындаэссе жазу халықаралық шығармашылық байқауының екі жеңімпазын таныстырды. Шығармашылық байқауда туындылары бас жүлдеге ие болған Жанар Байсемізова мен Ольга Диденко Вашингтонға барған.

Ауқымы бойынша үлкен фестивальдің жабылуы оның ашылу рәсіміндегідей тамаша өтті. Кешті белгілі қазақ күйшісі Асылбек Еңсеповтың концерті жалғастырып, американ жұртшылығы оның өнеріне тәнті болды. Қабылдауға келген қонақтың бірі: «Асылбектің күй тартуы - бұл тарихы мен мәдениеті тереңде жатқан, болашаққа талпынған Қазақстан елінің нақышы», - деп атап өтті.