Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Olympic.kz.-ке сілтеме жасап хабарлайды.
91 келіде бақ сынайтын Левит Испания намысын қорғайтын кубалық Эммануэль Рейеске қарсы шыққан болатын.
Кездесудің бірінші раунды 3:2 есебімен қарсылас пайдасына аяқталды. Ал екінші раундтың басында қарсыласының ауыр соққысын өткізіп алған Левитке төрешілер техникалық нокаут жазды.
Жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталып, Испания өкілі келесі айналымға өтті.