Ватикан өзінің телефон компаниясын құрмақ


Ватиканның баспасөз хатшысы Томас Росица Ватиканның телефон компаниясын құру ниетін қуаттады.

Қазіргі кезде қала-мемлекеттің өз спутниктік телеарнасы, радиосы және интернет-домені бар. Алайда Рим католик шіркеуіне ұялы және сымды байланыс қызметін итальяндық компаниялар ұсынады.