Қазақстандық велошабандоз Алексей Луценко Олимпиадаға аз уақыт қалғанда жарақат алып, төртжылдықтың басты додасынан шет қалды. Францияда соңғы дайындығын пысықтап жатқан отандасымыз абайсызда көлікпен соқтығысып, табанын жарақаттап алған. Енді оның орнына Риоға Андрей Зейц баратын болды.