Велосипедшілердің «Яблочная гонка» жарысы Алматыда 16 қазанда бастау алады

«Яблочная гонка» - кросс-кантридан Алматының ашық чемпионаты, халық арасында салауатты өмір салтын, велоспорт пен кросс-кантриді насихаттау үшін өткізіледі», - делінген жұма күні таратылған хабарда.

Хабарда айтылғандай, жарыс дәстүрлі болып кетті және биыл ол 9-шы рет өткізіліп отыр. Тұңғыш «Яблочная гонка» жарысы 2003 жылы Көк-Төбеде өткізілді. Одан кейінгі жарпыстар әр жылы Таулы бақта, Сайран көлінде, транплиндерде өтті.

Биылғы жарыстар да халықаралық трамплинде болмақшы. Қатысушылар әуесқойлар мен спортсмендер санатында қатысады. Тіркелу үшін жеке куәлікті көрсету керек. Жарысқа қатысу жарнасы Т400. Жарысқа қатысатындардың барлығында міндетті түрде басқа киетін дулыға болуы керек. «Яблочная гонка-2011» ұйымдастырушылары «Вело-Алматы» бастамашыл тобы, Алматының велоспорт федерациясы және «Экстремальная Атлетика» болды.