Велосипедтің камерасынан есірткі шықты


Ішіне есірткі салынған резинаны иісшіл ит көліктің орындығының қаптамасынан тауып алған. Бішкектен Ресейді бетке алып шыққан күдікті героинды велосипедтің камерасына салып, екі жағын бітеп тастапты. Полиция қызметкерлері резинаны тілгенде, ішінен сапасы өте жоғары ауған героині шыққан. 9 келі 362 грамм есірткіні қырғыз азаматы Ресейдің Қорған қаласына апара жатқан екен.