Онда Қазақстандық кәсіби велоклубтың намысын 8 спортшы қорғайды. Олар: австралиялық Симон Кларк, словениялық Горазд Штангели, чех Роман Кройцигер, қазақстандық Роман Киреев пен Максим Иглинский және италияндықтар Паоло Тиралонго, Энрико Гаспаротто, Мирко Лоренцетто.
Былтыр да 3 наурызда өткен 190 шақырымдық бұл жарыста 1-3 орынды италияндық Роберто Феррари (De Rosa - Stac Plastic), Джакопо Гварнери (Liquigas-Doimo) және Энрико Росси (Ceramica Flaminia) өзара бөліскен болатын. Бұл дода биыл «астаналықтардың» наурыз айында бақ сынайтын алғашқы жарысы болмақ. Бұдан кейін олар 6-13 наурызда Франциядағы Париж-Ницца, ал 9-15 наурызда Италиядағы Тиррено-Адриатико бәсекелеріне қатыспақ.