ВЕЛОСПОРТ: Қазақстандық шабандоз Дмитрий Груздев кезекті рет Азия чемпионы атанды


Ол ерлер арасындағы 45 шақырым жеке жарыста бақ сынаған болатын.  

Естеріңізге сала кетейік, кеше  Қазақстан спортшысы Екатерина Юрайтис велоспорттан Азия чемпионатында 15 шақырымға жеке жарыста алтын медаль иеленген болатын. Сонымен қатар, Әлішер Жұмахан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанған еді.